Правила казахского языка

Сөйлесу (Диалог)

Сөйлесу — екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.

Диалог — литературная или театральная форма устного или письменного обмена высказываниями (репликами) между двумя и более людьми.

Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.

Диалогта келесі айтылғандар орын алады:

  • Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;
  • Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану;
  • Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану.

Мысалдар (Примеры)

  • — Айгерім, ұлттық мұражай туралы қандай пікірдесіз, қандай әсер алдыңыз ?
    — Қай елде болсын ұлттық мұражайлардың орны ерекше ғой. Себебі, мұражайлар халыққа, сондай-ақ шетелдік қонақтарға тарих, мәдениет туралы, материалдық және рухани құндылықтар туралы танымдық ақпараттар береді. Маған ұлттық мұражай өте ұнады. Мен ұлт тарихына байланысты өзім білмейтін көптеген мәліметтер естідім.
    — Сіз үшін қандай экспонаттар таңсық болды?
    — Мен үшін киіз үй және оның ішкі жабдықтары, ұлттық музыкалық аспаптардың түрлері, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар таңсық болды.
    — Сіз киіз үйді мұражайдан бірінші рет көрдіңіз бе?
    — Жоқ, мен киіз үйді бұрын көргенмін. Бірақ мен оның құрылысы, ішкі жабдықтары туралы жақсы білмейді екенмін. Мен киіз үйдің көшпелі өмірге аса ыңғайлы екеніне көз жеткіздім.
    — Сізді мұражайда тағы не қызықтырды?
    — Жалпы, қазақ халқының мәдениетінде ерекше әсерлі нәрселер көп. Ұлттық киімдері соншалықты салтанатты. Әйел адамдардың зергерлік бұйымдарын нағыз шеберліктің үлгісі дер едім.
    — Жақсы, сіздің ұлттық мұражай және қазақ мәдениеті туралы пікірлеріңіз бізді аса қуантады. Сіздің жылы лебізіңізге көп рақмет!

  • — Кешіріңіз, Алматыға дейін ұшақ неше сағат ұшады?
    — Ұшақ Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады.
    — Ұшақ жолда қонады ма?
    — Ұшақ жолда қонбайды.
    — Ұшаққа бір билет бар ма?
    — Сізге қай күнге керек?
    — Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек.
    — Ақпанның он бесінде Қарағандыдан Алматыға 9Ү 723 рейсі ұшады. Осы ұшаққа билет бар. Аласыз ба?
    — Алматының ауа райы туралы қайдан білуге болады?
    — Ұшақ қонуға бет алғанда стюардесса хабарлайды.
    — Ұшаққа өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
    — Өзіңізбен бірге 10 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді Алматының жол жүгі бөлімінен аласыз.
    — Менің бірінші рет ұшаққа отыруым еді. Егер ұшақта жүрегім айныса, гигиеналық пакет керек болса, не істеуіме болады?
    — Егер ұшақта жүрегіңіз айныса, стюардессаны шақыруға болады. Ол сізге минералды су мен гигиеналық пакет береді.
    — Ұшақтың билеті неше теңге тұрады?
    — Ұшақтың билеті 15000 теңге тұрады.
    — Ұшаққа отырғызу сағат нешеде басталады?
    — Ұшаққа отырғызу сағат бесте басталады.
    — Билетті қай кассадан ала аламын?
    — Билетті екінші кассадан ала аласыз.
    — Берген мәліметіңізге көп рақмет.

  • — Сәлем. Астанада қандай мұражайлар бар?
    — Қайырлы күн. Елордада көптеген мұражайлар бар. Мысалы: Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай, Қазақстан Республикасы тұңғыш елбасының мұражайы, Президент орталығының мұражайы және өнер мұражайы бар.
    — Өнер мұражайы қайда орналасқан?
    — Ол Республика даңғылында орналасқан.
    — Мұражай қашан ашылды?
    — 1980 ж. 2 қазанда ашылған.
    — Көрме дегеніміз не?
    — Көрме - өнер мерекесі.
    — Мұражайда жыл сайын неше көрме ұйымдастырылады?
    — Жыл сайын 50-ден астам көрме ұйымдастырылады.
    — Қандай суретшілердің көрмелері жиі өткізіледі?
    — Алматы қаласынан А.Қазғұлов, Тараздан М.Рахимжанов, Семейден Г.Мақарова, Көкшетаудан Н.Огнеребко сияқты суретшілердің көрмелері өткізіледі.
    — Балаларды өнерге қызықтыру мақсатында қандай көрмелер өткізіледі?
    — "Мен өз қаламды сүйемін", "Менің жанұям", "Жаңа елорданың тустері", "Әрқашан күн сөнбесін" және тағы басқалар.
    — Саған өнер мұражайы ұнайды ма?
    — Иә. Маған ұнайды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить



Правила казахского языка на Google Play