Правила казахского языка
  • Регистрация

Өмірбаян (Автобиография)

Өмірбаян — жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Автобиография — последовательное описание человеком событий жизни. Она является источником первичной социологической информации, позволяющей определить психологический тип личности в его исторической, национальной и социальной обусловленности.

Мысалы:

ӨМІРБАЯН

Мен, Сұлтанова Ғалия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы Ақсу ауданының Қызылтаң аулында дүниеге келдім. Әкем Сұлтанов Айхан орта мектепте мұғалім, шешем Сұлтанова Сәулет ауруханада дәрігер болып қызмет атқарады.

1981 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік универиситетінін филология факультетіне түстім. 1986 жылы университетті бітірген соң Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылдандым. 1989 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты казак, тілі кафедрасының оқытушысымын.

1995 жылы "Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

Тұрмыстамын, жолдасым — Беков Берік Бексұлтанұлы, 1961 жылы туған,"Рауан" акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Екі баламыз бар. Ұлым — Беков Нұрлыбек Берікұлы, қызым — Бекова Данагүл Берікқызы.

Мекенжайым: ______________________________________

Сұлтанова Ғ.А. _____________ж.

АВТОБИОГРАФИЯ

Я, Султанова Галия Айхановна, родилась 20 апреля 1964 года в селе Кызылтан Аксуского района Талдыкорганской области. Отец Султанов Айхан - учитель средней школы, мать Султанова Саулет работает врачем в сельской больнице.

В 1981 году после окончания средней школы имени Ильяса Жансугурова, поступила в филологический факультет Казахского государственного университета. В 1986 году после окончания университета принята младшим научным сотрудником в Научно-исследовательский институт языкознания Академии наук.

С 1989 года преподаватель кафедры казахского языка Казахского педагогического института имени Абая. В 1995 году защитила кандидатскую диссертацию на тему "Категория наклонения в современном казахском языке".

Замужем, муж Беков Берик Бексултанович 1961 года рождения, заведует отделом акционерно-коммерческого объединения "Рауан". Двое детей дошкольного возраста, сын — Беков Нурлыбек Берикович и дочь — Бекова Данагуль Бериковна.

Мой адрес: _______________________________________

Султанова Г.А. _____________ г.


Нравится

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить