Правила казахского языка
  • Регистрация

Бастауыш (Подлежащее)

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Ол кім? не? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Подлежащее — главный член предложения, обозначает предмет. Подлежащее называет то, о ком или о чём говорится в предложении, и отвечает на вопросы кто? что?

Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:

В предложении подлежащее может быть выражено такими частями речи:

  • Зат есімнен (Существительным)
    Жел соға бастады.
  • Есімдіктен (Местоимением)
    Мен дүкенге бардым.
  • Сан есімнен (Числительным)
    Он екiге бөлiнедi.
  • Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады. (Прилагательное, причастие и неопр.ф.гл.)
    Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.
  • Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі. (Наречие, межометие, частицы. Встречается очень редко.)
    Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.

Дара бастауыш — жеке бір сөзбен айтылған бастауыш. (Ол театрға барады).
Простое подлежащее выражается одним словом.


Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды. (Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады).
Сложное подлежащее выражается несколькими словами.


Нравится

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить