Правила казахского языка

Термин сөздер (Термины)

Термин сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады.

  • Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет.
  • Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек.
  • Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексіз үғымдардың атауы болуы шарт.

Мысалдар

Терминдік жүйесі жасалмаған, терминдік ұғымдары қалыптаспаған тілді әлі де әдеби тіл дәрежесіне көтерілген тіл деп айтуға болмайды. Терминдер әрбір ғылым саласында молынан кездеседі. Мысалы:

  1. Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
  2. Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер.
  3. Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент.
  4. Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер.
  5. География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, Азия, Африка, масштаб, тайфун, карта.

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить



Правила казахского языка на Google Play