Учебные материалы

Синтаксистік талдау (Синтаксический разбор)

Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.

Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.

Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:

Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:

  1. Тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш)главные члены предложения (подлежащее, сказуемое).
  2. Тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)второстепенные члены предложения (определение, дополнение, обстоятельство).
Белгілеу Сөйлем мүшесі Мысал

Подлежащее

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.

Сказуемое

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Мен дүкенге барамын.

Определение

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Кең далада балалар ойнады.

Дополнение

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Мен өз Отанымды жақсы көремін.

Обстоятельство

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Ертең ол театрға барады.

Жай және құрмалас сөйлемдер

Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).

По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).

Мысалы (Например):

Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)

Жай сөйлемдер

Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:

Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида:

  1. Хабарлы (Повествовательные)
  2. Лепті (Восклицательные)
  3. Сұраулы (Вопросительные)
  4. Бұйрықты (Побудительные)

Мысалы (Например):

Қалада жаңбыр жауады. (хабарлы)
Қандай ғажап табиғат! (лепті)
Мынау сенің қаламың ба? (сұраулы)
Арман, сабаққа барсын! (бұйрықты)


Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:

Простые предложения по строению делятся на 7 групп:

  1. Жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем)
    Предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
  2. Жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады)
    В предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
  3. Жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем)
    В предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.
  4. Жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер)
    Предложение является безличным.
  5. Толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі)
    В предложении есть все 5 членов предложения.
  6. Толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі)
    В предложении нет хотя бы одного члена предложения.
  7. Атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі)
    Назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.

Мысалы (Например):

Жаңбыр жауады. (жалаң)
Далада жаңбыр жауады. (жайылма)
Ертең мен театрға барамын. (жақты)
Осы сабақты оқу керек. (жақсыз)
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)
Алтын күз. (атаулы)

Құрмалас сөйлемдер

Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:

Сложные предложения бывают 3 видов:

  1. Салалас (Сложносочинённое предложение)
  2. Сабақтас (Сложноподчинённое предложение)
  3. Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)
Салалас құрмалас сөйлемдер
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
да, де, та, те, және
Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды.
2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
бірақ, ал, дегенмен, әйтсе
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады.
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
не... не, немесе, әлде, біресе... біресе
Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
не... не, я... я
Дүкенге я мен барамын, я сен барасың.
5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
сондықтан, себебі, өйткені
Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды.
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
сонша, мынау
Менің айтарым сонша, ...

Сабақтас құрмалас сөйлемдер
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі)
Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды.
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-са, -се
Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады.
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-са, -се) + (-да, -де, -та, -те)
Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады.
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-у + үшін
Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты.
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен)
Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды.
6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-ып, -іп, -п; -а, -е, -й
Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды.

Мысалдар (Примеры)

Пример синтаксического разбора простого предложения:

Жай сөйлем

Пример синтаксического разбора сложного предложения:

Құрмалас сөйлем

Комментарии:

Комментарии   

 
#101 Арайлым 09.04.2024 09:40
Цитирую Малика:
Оның жемісінің ақ түсті түктерден тұратын кішкене айдаршасы болады, оларды оп-оңай шашын тартады.

Қазақ халқының жер, су туралы ұғым-түсініктер і де на- зар аударарлық. «Обал болады» деп егінді, шалғынды жерді беталды бастырмаған, «Ағын судың арамы жоқ» деп суды ластамаған
Цитировать
 
 
#100 Малика 30.01.2024 09:35
Оның жемісінің ақ түсті түктерден тұратын кішкене айдаршасы болады, оларды оп-оңай шашын тартады.
Цитировать
 
 
#99 Аяулым 17.01.2024 22:54
1.Ақбөкен-бабал арымыздың ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен сақтап,ұрпағына аманат етіп қалдырған дарқан даласының киесі ғана емес,сақтаушы сы әрі түлетушісі.
2.2001 жылы Ресей мен Қазақстан киімдердің мүйізін импорттауға тыйым салуды ұсынды.
3.Шөптесін өсімдіктерден Алтай желайдары,Сібір ушырмауығы,тәтт і жапырақты таспа,Алтай қоңырау жиі кездеседі.
Алтай қасқыржидегі - Катонқарағай өңіріндегі өтетін ен байлық.
Цитировать
 
 
#98 Marat 11.01.2024 21:06
1992 жылы 22мамырда Найробиде өткен БҰҰ-НЫҢ Қоршаған орта жөніндегі конференциясынд а биоалуантүрлілі кті сақтау жөніндегі халықаралық келісім қабылданды
Цитировать
 
 
#97 Ансар 26.12.2023 11:49
Клубта кейде кино болады, кейде кызыкты баяндамалар тыңдады
Цитировать
 
 
#96 Іңкәр 20.12.2023 08:40
Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ
Цитировать
 
 
#95 Pidorgei098 12.12.2023 16:53
Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңестігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді
Цитировать
 
 
#94 Еркеназ 10.12.2023 18:20
Қал-жайыңызды білгелі келдік. Мылжындап, малтып, міңгірлегенді місе тұтпайды Асқар суретке түсуге барғалы жатыр екен
Цитировать
 
 
#93 Ayazhan 25.11.2023 12:06
Техника, технология, ақпараттық технологиялар саласында оқығысы келетін балалар өз ана тілімен қатар, технология мен техниканың тіліне айналған ағылшын тілін жетік білуі керек. Екіншіден, таңдаған мамандығын сүюі керек және сол саланың толыққанды қой маманы болу аса маңызды. Үшіншіден, әрқашан ізденісте болу, жаңалық ашуға құлшынысиа болу маңызды. Себебі технологияның бір орында тұрмайтынына көщіміз жетіп отыр
Цитировать
 
 
#92 Дамир 21.11.2023 19:22
Олар бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас жүйесін құрайды
Цитировать
 
 
#91 Бону 22.10.2023 22:06
Осы сөзге синтаксистик талдау жасау керек еді.

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары.
Цитировать
 
 
#90 Ансаль 19.10.2023 11:11
"Күні бұрын сақталуына қам қылмасақ, бірте-бірте таза деген қазақ тіліді де бұзылып кететінін осыдан топшылауға болады.
Цитировать
 
 
#89 Іңкәр 15.10.2023 16:47
Ұлттық мәдениеттің тірегі-тілде
Цитировать
 
 
#88 Арайлым 25.09.2023 07:00
Қазір Қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан республикасы құрылғае
Цитировать
 
 
#87 Ансаль 21.09.2023 11:00
Ұлы тұлғаның өлмеусіз еңбегін бағалап, мол мұрасын зределеу- бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы
Цитировать
 
 
#86 Дархан 07.09.2023 09:32
Алй көп ішеді)
Цитировать
 
 
#85 Меруерт Бакыт 23.06.2023 10:47
Мемлекет жастарды қолдайды олардың болашақ өмірлерінің жақсы болуына жағдай жасайды
Цитировать
 
 
#84 А❤ 24.05.2023 14:56
мұнда мүмкіншілік көп екен: жазы ұзақ, қысы қысқа, жылы күні жеткілікті, көшелерді бойлап аққан арық, ендеше суда бар.
Цитировать
 
 
#83 Павел 02.05.2023 15:11
Бірде мен біздің газеттерді оқып отырсам, "Шымбұлақта біздің жерлесіміз - әскери ұшақтарды сынаушы - ұшқышы - Тоқтар Әубәкіров демалып жатыр" дегенді жазыпты
Цитировать
 
 
#82 Рох 10.04.2023 15:05
Ал әлемдегі ең кішкентай театр туралы естігендерің бар ма?
Цитировать
 
 
#81 Айгерім 09.03.2023 21:50
Айгерім серикбаев
Цитировать
 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить