Учебные материалы
  • Регистрация

Қазақ тілі | Вопросы с ответами

Казахский язык
Вопросы с ответами по дисциплине "Қазақ тілі".
  1. Сіз оқитын факультет нешінші жылы  ашылды? 1985
  2. Сіз оқитын факультетте неше мамандық бар? 3
  3. Информатика саласы бойынша Нобель сыйлығына парапар қандай сыйлық беріледі? Тьюринг сыйлығы
  4. Тьюринг сыйлығы ең алғаш нешінші жылы берілді? 1966
  5. Тьюринг сыйлығы ең алғаш кімгеберілді? Алан Дж. Перлис
  6. Есепшотты ертеде қытайлықтар қалай атаған? суанпан
  7. Есепшотты ертеде жапондықтар қалай атаған? серобян
  8. Есепшотты ертеде Гректер мен Батыс Еуропалықтар қалай атаған? абак
  9. XYII ғасырда логарифм түсінігін кім енгізген? Джон Непер
  10. Бірінші  рет  қосу машинасын  кім  ойлап  тапты? Блез Паскаль
  11. Аналитикалық машина  жобасын  кім  жасады? Чарлз Бэббидж
  12. Компьютерлік  серверлердің  бүкіл  әлемдік  желісі қалай аталады? Интернет
  13. Microsoft компаниясының негізін қалаған адам кім? Билл Гейтс
  14. Facebook әлеуметтік желісін құрған кім? Марк Цукерберг
  15. Алғашқы компьютерлер қандай болды? үлкен бөлменің ауқымындай
  16. Бағдарламаның қандай түрлерібар? қолданбалы, жүйелілік, аспаптық
  17. Компьютердің беті қалай аталады? монитор
  18. Дербес компьютер неге арналған? ақпаратты сақтауды, өңдеуді, есептеуді жеңілдету үшін
  19. Қай жылы ҚШ-та ақпараттарды іздеуге және зара алмасуға қолайлы Интернет компьютерлік желісі құрылды? 1952 ж.
  20. «Прикладная» сын есімінің баламасын көрсетіңіз. қолданбалы
  21. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуші жауапты органды  атаңыз. Қазақстан Республикасы Көлік жәнекоммуникация министрлігі
  22. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты қандай? ақпараттық қоғамға көшу шарттарын жасау   
  23. Е-қатысу индексі бойынша  Қазақстан  2-орынды қай елмен бөлісті? Сингапур
  24. «Электрондық үкімет» индексінде (БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға  дейін еліміз неше мемлекеттің  тізіміне енуді жоспарлап отыр? 25
  25. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы неше пайыз болады? 75 %;
  26. - 1998 жылы - Лэрри   Пейдж және С.М.Брин қандай компанияны құрды? Google
  27. Дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы қандай? жүйелік блок
  28. Компьютердің жедел есте сақтау құрылғысы жедел жадысы немесе RAM-мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет ететін құрылғыны көрсетіңіз? жедел жад
  29. Компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы қалай  аталады? пернетақта
  30. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы қалай аталады?принтер
  31. Принтердің қандай түрі жоқ? тұрақты
  32. «Сканер»  сөзінің аудармасын табыңыз. мәтіналғы
  33. Google компаниясының бейресми ұраны қандай? Қатыгез болма!
  34. Google компаниясының бейресми ұранын кім ойлап тапқан? Амит Патель
  35. Интернет желісінің қазақстандық сегменті  қалай аталады? Қазнет
  36. Жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде  нешінші жылы  тіркелді? 1994 жыл
  37. Интернетте қазақ тілінде алғашқы сайт нешінші жылы  пайда болды? 1998
  38. Alexa сайты бойынша қазақстандықтардың ең белсенді қолданатын порталын көрсетіңіз. mail.ru.
  39. Адамдар бір-бірімен қандай жолмен байланыс жасайды? хат, факс, электронды пошта
  40. Алғашқы электрондық хат нешінші жылы жіберілген? 1971
  41. Электрондық пошта жүйесі неше бөліктен тұрады? 3
  42. Электронды  поштаның жылдамдығы немен бірдей? телефонмен
  43. Жеткізу агенті қандай қызмет атқарады? мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
  44. «Агент пользователь» сөз тіркесін аударыңыз. қолданушы агент
  45. Қолданушы агенті мен жеткізуші агенті арасындағы дәнекер қандай? Sendmail
  46. 2004 жылы Марк  Цукерберг қандай ірі әлеуметтік желіні құрды? Facebook
  47. Билл Гейтс жастайынан қандай ғылымның білгір маманы болуды армандаған? математика
  48. «Менің бар арманым жердің әр тұрғыны үшін жеке компьютер жасап шығару». Кімнің сөзі? Билл Гейтс
  49. - «Егер сенде ақша аз болса, кәсіп жаса. Егер мүлдем ақша жоқ болса-дереу жаса!    Дәл қазір»! Кімнің сөзі? Джон Рокфеллер
  50. «Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма». Кімнің сөзі? Уоррен Баффет
  51. 1974 жылы жапон физигі Норио Танигути  қандай термин енгізді? нанотехнология
  52. Грек тілінен techne сөзінені білдіреді? өнер, шеберлік
  53. «Нано» қосымшасы грек тілінен  нені білдіреді? қортық, гном
  54. Арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) бағдарлама қалай аталады? компьютерлік вирустар
  55. Компьютерлік вирустың неше түрі бар? 2
  56. «Ауру  жұққан»  сөз тіркесіндегі  асты сызылған сөздің антонимін табыңыз. САУ
  57. «Ықпал»  сөзінің синонимін табыңыз. әсер
  58. Алақай, арнайы бағдарламалар  арқылы сол бағдарламаларды  бастапқы қалпына келтірді!  Қандай сөйлем? лепті
  59. Евгений  Касперский 1989 жылдың қазан айында өзінің компьютерінен бірінші рет қандай вирусты  анықтады? Cascade      
  60. Метрдің миллиардтан бір бөлігі қалай аталады? нанометр
  61. Билл Гейтс  «Майкрософт» бағдарламасын алғаш  бастаған кезде  басты бәсекелесі қандай компания болған? IBM
  62. «Ақ» құрылысты компьютерлер қай елдерде  шығарылады? АҚШ-та, Жапония, Батыс Еуропа елдері
  63. Монитордан да қауіптірек компьютер құрылғысын көрсетіңіз. пернетақта
  64. «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді»,-деп қай елдің ғалымдары қорытынды жасаған? британдық биологтар
  65. Монитор экраны көзден қанша  қашықтықта тұруға тиіс, 50-70 сантиметр
  66. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы  қанша метр болу керек? 1 метр
  67. Жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар  жиыны. қолданушы агент
  68. Электрондық поштаны жасаған ғалым кім? Рей Томлинсон
  69. Электрондық поштамен жұмыс жасауды жеңілдететін бағдарламаны кім жасады? Лэрри Робертс
  70. Грек тілінен Іоgos сөзі нені білдіреді? ғылым
  71. Диаметрі бірнеше нанометр, ал ұзындығы оншақты микрон болатын милиондаған көміртегі атомынан тұратын молекула қалай аталады? нанотүтік
  72. «Қолайлы»  сөзінің синонимін табыңыз. ыңғайлы
  73. Бір адамның қолдануына арналған жеке компьютер қалай аталады? дербес компьютер
  74. Телефонды байланыс қызметі бар қалталы компьютер түрі қалай аталады? смартфондар
  75. Негізгі қызметтері киім және аксессуарларға интеграцияланатын компьютердің түрі қалай аталады? киілетін компьютерлер
  76. Тура толықтауышты табыңыз. Жауабын тыңдады
  77. Сұраулы сөйлемнің тыныс белгісі қандай? сұрақ белгісі
  78. Сөйлемдегі  баяндауыштың орын тәртібі қалай? Сөйлемнің соңында орналасады
  79. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз. Сен үйде қаласың ба, әлде киноға барасың ба?
  80. Сұраулы сөйлем қалай жасалады? сұраулық шылау және сұраулық есімдік арқылы
  81. Лепті сөйлемді табыңыз. О, Қасиетті туған жер.
  82. Бұйрықты сөйлемді табыңыз. Далаға ойна.
  83. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз. Ердің сыншысы – елі.
  84. Жанама толықтауышты табыңыз.  Мүсіншімен сөйлесті.
  85. Анықтауышты табыңыз. Келетіндердің билеттері осында.
  86. Себеп пысықтауышты табыңыз. ұялғаннан келді
  87. Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз. Оларға екі рет жәрдемақы берілді.
  88. Тура толықтауышты табыңыз. Әселді қонаққа шақырды.
  89. Бірыңғай мүшені анықтаңыз. Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. баяндауыш
  90. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді табыңыз. Дәрісханаға студенттер де, оқытушылар да жиналып қалыпты.
  91. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз. Базаралы келді.
  92. Мекен пысықтауышты табыңыз. Тауда жаңа ғана жаңбыр жауып өтті.
  93. Хабарлы сөйлемді табыңыз. Жаңа жер кодексі 5 бөлімнен тұрады.
  94. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз. Асан – құрылысшы.
  95. Жақты сөйлемді табыңыз. Ауа райы салқындай бастады.
  96. Жақсыз сөйлемді табыңыз. Досанның тауға қайтадан барғысы келді.
  97. Толымды сөйлемді табыңыз. Сен қайдан келдің?
  98. Толымсыз сөйлемді табыңыз. Әсет
  99. Атаулы сөйлемді табыңыз. Таң мезгілі.
  100. Жақсыз сөйлемді табыңыз. Оның мұражайға барғысы келді.
  101. Жалғаулық шылау арқылы байланысқан салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
  102. Құрмалас сөйлемді табыңыз. Жер - табиғи зат, ол адам еңбегінің нәтижесі емес.
  103. Жалғаулықты себеп-салдар салаласты табыңыз. Мектепте жылу жоқ, сол себепті мектепті жапқан.
  104. - Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.     да, де, та, те, және
  105. - Теңіз беті біресе тып-тыныш болады, біресе бұйра толқындар жағаға секіріп жатады. Салалас сөйлемнің қай түріне жатады?   себеп-салдар салалас
  106. Тиісті шылауды табыңыз. Кел демек бар, ... кет демек жоқ.   бірақ
  107. Кезектес салаласты көрсетіңіз. Біресе жауын жауады, біресе күн ашылады.
  108. Мына салалас құрмалалас сөйлемнің түрін ажыратыңыз.
  109. « Не қолда ақша жоқ, не істейтін жұмыс жоқ» - талғаулықты салалас
  110. Лепті сөйлемді табыңыз  Шіркін, Көкшетау! Ғажап мекен!
  111. Жақсыз сөйлемді табыңыз - Менің тыңдағым келеді
  112. Атаулы сөйлемді табыңыз - Айлы дала
  113. Жақты сөйлемді көрсетіңіз. Мен ешкімге бармаймын
  114. Жалаң сөйлемді табыңыз. Жаңбыр жауды
  115. Жайылма сөйлемді табыңыз. Биыл қар қалың
  116. Толымды сөйлем қайсы? Ол жолсапардан бүгін келді
  117. Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің неше түрі бар? - 5
  118. Бастауыштың сұрақтарын көрсетіңіз. Кім? Не?
  119. Берілген мақалдың баяндауышын қойыңыз. Ердің сыншысы – ... Елі
  120. - Берілген мақалдың баяндауышын қойыңыз. Ата көрген   ...., ана көрген ...  Оқ жонар, тон пішер
  121. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз. Қандай? Қай?
  122. Меншікті анықтауыш қатысқан тіркесті табыңыз. Алмастың кілті
  123. Сөйлемдегі анықтауышты көрсетіңіз. Қайталау – қашанда оқытудың анасы. Оқытудың
  124. Тура толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз. Кітапты ала беріңіз.
  125. Күрделі толықтауышы бар сөйлемді табыңыз. - Кеңес Одағының батырымен әңгімелестік.
  126. Жасырын табыс септіктегі толықтауышы бар сөйлемді табыңыз. - Қарындасым сирек кездесетін кітап сатып алды.
  127. -  «Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ» өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай сөйлем мүшесі?   Толықтауыш
  128. Мағынасына қарай күйіну, қуану, қорқу, таңдану, өкіну, армандау және т.б. адамның ішкі көңіл-күйін білдіретін қай сөйлем? Лепті
  129. Жақсыз сөйлемді табыңыз. - Оның үйге барғысы келеді.
  130. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Белгілі бір зат, адам, бір нәрсе туралы хабарлай айтылған сөйлем.
  131. Адамның көңіл- күйін білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейді? лепті
  132. Сұраулы сөйлемді табыңыз. Сен болған шығарсың
  133. Хабарлы сөйлемді табыңыз. Бүгін күн суық
  134. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз. - Сұраулы сөйлем
  135. - Лепті сөйлемді табыңыз.      Пай- пай, мына аттың жорғасын-ай.
  136. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді не дейміз?  Жалаң.
  137. Жақты сөйлемді табыңыз. Мен ешкімге жағымпаздана алмаймын.
  138. Жақсыз сөйлемді табыңыз. Оңаша сөйлесуімнің сәті түсе қалды.
  139. Толымды сөйлемді табыңыз. Шыққандарына үш сағаттан аса уақыт болды.
  140. Атаулы сөйлемді табыңыз. Күздің суық түні.
  141. Тұрлаулы мүше – бастауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
  142. Білгенің – бір тоғыз,
    Білмегенің – тоқсан тоғыз
    Есімше

  143. Бастауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз - Жиырма бес – беске қалдықсыз бөлінеді
  144. Бірыңғай бастауыш қандай сөз табынан. Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу - Етістік
  145. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаны табыңыз. Екі жерде екі төрт.
  146. Сын есімнен жасалған баяндауышты көрсетіңіз. Бұл қылығың жақсы
  147. Мақалды жалғастырыңыз. «Еңбексіз өмір жоқ, .................»   ауырсыз жеңіл жоқ
  148. Бірыңғай аңықтауышты табыңыз. - Кең әрі ұзын көшелер қалаға көрік беріп тұр.
  149. Күрделі анықтауышты табыңыз. - Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.
  150. Анықтауыштың белгісін табыңыз. - анықтайтын сөзінің алдында тұрады.
  151. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер. кімнің? ненің?
  152. Кімнің  атын еңбек шығарар? Eрдің
  153. Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер. кіммен? немен?
  154. Тура толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер. кімді? нені?
  155. Сөз тіркесіндегі тура толықтауышты табыңыз. Үйін білді
  156. Мақалды жалғастырыңыз. «Еңбек қылмай ер оңбас, ............»  бірлік қылмай ЕЛ оңбас
  157. Пысықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер. қалай? қайтіп?
  158. Мезгіл пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. - Бүгін келді
  159. Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.  Әдейі айтып отыр
  160. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы байланысады? бірақ, дегенмен
  161. Себеп-салдар мәнді жалғаулықтарды көрсетіңіз. өйткені, себебі, сондықтан
  162. Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз. Түсіндірмелі салалас
  163. Себеп –салдар салаласты көрсетіңіз. Бүгін кеш тұрдым, сол себепті кешігіп келдім.
  164. Себеп-салдар мәнді жалғаулықтарды көрсетіңіз. - өйткені, себебі, сондықтан
  165. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді? - Қашан? Қашанға дейін?
  166. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді? - Не мақсатпен?
  167. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді? Не себепті? Неліктен?
  168. Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді? - Қалай ? Қайтіп ?

Нравится


Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить