Презентации PowerPoint
  • Регистрация

Қазақстан – бақытты отбасылар Отаны (презентация) скачать

Отан Отан дегеніміз не? Отан сөзі - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз... Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет.

Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық біздің Қазақстанымыз!

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады.

Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін.

Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды.

Қазақ халқының ойындары – біздің рухани игіліміз, тарихымыз және сауығымыз. Олар қандай қасиеттерді тәрбиелейді?

  • адамгершілік
  • өзара жәрдем
  • батылдық
  • мақсаттылық
  • күш
  • сенімділік
  • қайырымдылық
  • адалдық

Бірнеше мақал-мәтелдер:

  • Отан – елдің анасы,
    Ел – ердің анасы.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  • Балалы үй базар,
    Баласыз үй қу мазар.
  • Отан өз ұлын ұмытпайды.
  • Отан — отбасынан басталады.

Ақыр соңында, әр Қазақстан Республикасының азаматына не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанды қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.

Формат:
Язык: казахский
Размер: 9.1 MB

Скачать с


Нравится

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить