Презентации PowerPoint

Қазақ халқының нақыштары (презентация)

Нақыштар Нақыштар - әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

«Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. «Мүйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.

«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады.

«Гүл» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

«Қосалқа» ою-өрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, кебінесе зергерлік бұйымдарда қолданылады.

«Тіс» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.

«Құсмойын» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған.Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің барлық түрлеріне тән.

Формат:
Язык: казахский
Размер: 9.1 MB

Скачать с

Нравится

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить