Диалектизм
Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.
Диалектизм — лексическая единица, характерная для территориального или социального диалекта. Диалектизмы могут постепенно входить в литературный язык.
Оның түрлері (Типы диалектизмов)
- Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);
- Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;
- Лексикалық диалектизмдер: бойлай (унемі д. м.), бейсаубет (бет алды), жарын (келер жыл), рабайда (анда-санда), кун баю (кун бату), таға (нағашы), ашық-машық (топса).
Комментарии: