Правила казахского языка
  • Регистрация

Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз (Прямая речь. Слова автора. Косвенная речь)

Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.

Прямая речь — высказывание, дословно введённое в авторскую речь (говорящего или пишущего). В отличие от косвенной речи, сохраняет индивидуальные и стилистические особенности речи того, чьё высказывание воспроизводится: диалектные черты, повторы, паузы, вводные слова и т. п.

Төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол - автор сөзі деп аталатын.

Слова автора указывают на лицо, которому принадлежит прямая речь.

Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз.

Косвенная речь передает слова говорящего не слово в слово, а лишь по содержанию, в виде дополнительного придаточного предложения.

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз»,-автор сөзі 

Автор сөзі: «Төл сөз». 

Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі. 

«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз». 

«Балалармен ақылдасып көрейік»,-деді Ақылбай. 

Балтабай былай деді:«Балалармен ақылдасып көрейік». 

Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік»,-деді. 

«Балалармен,-деді Балтабай,-ақылдасып көрейік». 

-Төл сөз, - автор сөзі 

Автор сөзі:-Төл сөз. 

Автор сөзі:-Төл сөз,-автор сөзі. 

-Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз. 

-Ол сенің інің бе?-деп сұрады Сағи. 

Сағи былай деп сұрады:-Ол сенің інің бе? 

Сағи: -Ол сенің інің бе?-деп сұрады. 

-Ол,- деді Сағи,-сенің інің бе? 

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және жиі қолданылатыны - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық, -дік жұрнағы мен тәуелді жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.

Төл сөздің баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің –қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұр», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.

Егер төл сөз етістіктің келер шақ (бұйрық түрінен басқа) немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -атын,-етін, -йтын, -йтін жұрнақты есімше арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.

Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтыласа, төлеу сөзде ол тұйық етістік формасына айналады. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертелек келуін айтты.

Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұрғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. «Кітап-білім бұлағы», - деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.

Нравится

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить