Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.
Текст — серия содержательных (значимых) предложений, которые предоставляют информацию, характеризующуюся общей непрерывностью и целостностью во всей общей теме.
Мәтін түрлері (Типы текстов)
Әңгімелеу | Сипаттау | Пайымдау | |
Анықтама | Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. | Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. | Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. |
Сұрақтар | Не істеді? Қайтеді? |
Қандай? Қай? |
Неліктен? Не себепті? |
Құрылым | 1. Оқиғаның басталуы 2. Оқиғаның одан әрі дамуы 3. Оқиғаның аяқталуы |
1. Түрі 2. Сипаты 3. Ерекшілігі |
1. Дәлелденетін пікір 2. Дәлелдеу |
Мысал | Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда. | Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі. | Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан. Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. |
Комментарии: