Правила казахского языка
  • Регистрация

Синтаксистік талдау (Синтаксический разбор)

Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.

Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.


Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:

Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:

  • тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш) - главные члены предложения (подлежащее, сказуемое)
  • тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) - второстепенные члены предложения (определение, дополнение, обстоятельство)

Белгілеу

Сөйлем мүшесі

Мысал

Подлежащее

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.

Сказуемое

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Мен дүкенге барамын.

Определение

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Кең далада балалар ойнады.

Дополнение

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Мен өз Отанымды жақсы көремін.

Обстоятельство

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Ертең ол театрға барады.


Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).

По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).

Мысалы (Например):

Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)

Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:

Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида:

  • хабарлы (повествовательные)
  • лепті (восклицательные)
  • сұраулы (вопросительные)
  • бұйрықты (побудительные)

Мысалы (Например):

Қалада жаңбыр жауады. (хабарлы)
Қандай ғажап табиғат! (лепті)
Мынау сенің қаламың ба? (сұраулы)
Арман, сабаққа барсын! (бұйрықты)

Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:

Простые предложения по строению делятся на 7 групп:

  • жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем) - предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
  • жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады) - в предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
  • жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем) - в предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.
  • жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер) - предложение является безличным.
  • толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі) - в предложении есть все 5 членов предложения.
  • толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі) - в предложении нет хотя бы одного члена предложения.
  • атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі) - назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.

Мысалы (Например):

Жаңбыр жауады. (жалаң)
Далада жаңбыр жауады. (жайылма)
Ертең мен театрға барамын. (жақты)
Осы сабақты оқу керек. (жақсыз)
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)
Алтын күз. (атаулы)

Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:

Сложные предложения бывают 3 видов:

  • Салалас (Сложносочинённое предложение)
  • Сабақтас (Сложноподчинённое предложение)
  • Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)

Салалас құрмалас сөйлемдер
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
да, де, та, те, және
Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды.
2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
бірақ, ал, дегенмен, әйтсе
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады.
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
не... не, немесе, әлде, біресе... біресе
Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
не... не, я... я
Дүкенге я мен барамын, я сен барасың.
5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
сондықтан, себебі, өйткені
Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды.
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
сонша, мынау
Менің айтарым сонша, ...

Сабақтас құрмалас сөйлемдер
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі)
Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды.
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-са, -се
Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады.
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-са, -се) + (-да, -де, -та, -те)
Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады.
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-у + үшін
Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты.
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен)
Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды.
6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
-ып, -іп, -п; -а, -е, -й
Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды.

Пример синтаксического разбора простого предложения:

Жай сөйлем

Пример синтаксического разбора сложного предложения:

Құрмалас сөйлем

Нравится


Советуем Вам изучить и другие темы по казахскому языку:

Комментарии:

Комментарии   

 
#6 Anzhelika Das 03.11.2016 21:15
Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой,дегенмен онысы
тап мұндай дәрежеде емес-ті.
Осы сойлемге синтаксистик талдау жасап бериниздерши отиниши дал казир керек болып тур. Алдан ала Рахмет
Цитировать
 
 
#5 Жандос 13.05.2016 18:29
Не могу понять грамматику, правила казахского языка! Никак, вообще. Хотя пишу на казахском без каких либо орфографических ошибок, но изъясняться на казахском не получается вообще, а именно так, правила и всё такое. А разговаривать не тяжело, просто правила на казахском сформулированы неправильно!
Цитировать
 
 
#4 Асель 16.02.2016 16:40
Керемет! Қатты ұнады көп рахмет!!
Цитировать
 
 
#3 айнура 09.02.2016 00:19
керемет маған ұнады
Цитировать
 
 
#2 Chaos 31.03.2015 00:14
спс
Цитировать
 
 
#1 Мадина 02.12.2014 17:47
Жақсы екен.
Цитировать
 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить