Правила казахского языка
  • Регистрация

Лексика

Лексика — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді.

Лексика — совокупность слов того или иного языка, части языка или слов, которые знает тот или иной человек или группа людей.

Лексика
(Сөз және оның мағынасын зерттейді)

Сөздің лексикалық мағыналары:

  1. Сөздің тура мағынасы
  2. Сөздің ауыспалы мағынасы
  3. Сөздің көп мағыналылығы
  4. Омоним
  5. Антоним
  6. Синоним

Қолдану аясы шектеулі сөздер топтары:

  1. Архаизм
  2. Историзм
  3. Неологизм
  4. Диалект сөз
  5. Термин сөз
  6. Кәсіби сөз
  7. Табу сөз
  8. Эвфемизм
  9. Кірме сөз

Қанатты сөздер:

  1. Тұрақты сөз тіркесі
  2. Идиомалық тіркес
  3. Мақал-мәтел
  4. Афоризм

Лексиканың мынадай салалары бар:

Лексикология

тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология

тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология

жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология

тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология

диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика

жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.

Антропонимика

кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.

Лексикография

сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.


Нравится

Комментарии:

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить