Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.
Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:
Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:
Белгілеу | Сөйлем мүшесі | Мысал |
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді. |
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. |
|
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді. |
Мен дүкенге барамын. |
|
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. |
Кең далада балалар ойнады. |
|
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді. |
Мен өз Отанымды жақсы көремін. |
|
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет? |
Ертең ол театрға барады. |
Жай және құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).
По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).
Мысалы (Например):
Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)Жай сөйлемдер
Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:
Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида:
Мысалы (Например):
Қалада жаңбыр жауады. (хабарлы)Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:
Простые предложения по строению делятся на 7 групп:
Мысалы (Например):
Жаңбыр жауады. (жалаң)Құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:
Сложные предложения бывают 3 видов:
Салалас құрмалас сөйлемдер |
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем да, де, та, те, және Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды. |
2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем бірақ, ал, дегенмен, әйтсе Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. |
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем не... не, немесе, әлде, біресе... біресе Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады. |
4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем не... не, я... я Дүкенге я мен барамын, я сен барасың. |
5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем сондықтан, себебі, өйткені Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды. |
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем сонша, мынау Менің айтарым сонша, ... |
Сабақтас құрмалас сөйлемдер |
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі) Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды. |
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -са, -се Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады. |
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-са, -се) + (-да, -де, -та, -те) Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады. |
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -у + үшін Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты. |
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен) Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды. |
6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -ып, -іп, -п; -а, -е, -й Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды. |
Мысалдар (Примеры)
Пример синтаксического разбора простого предложения:
Пример синтаксического разбора сложного предложения:
Комментарии:
Комментарии
Бойыңды бір көңіл.
Дүниені ұмытқан
Құмарың тозар, біл
Қазақ халқының жер, су туралы ұғым-түсініктер і де на- зар аударарлық. «Обал болады» деп егінді, шалғынды жерді беталды бастырмаған, «Ағын судың арамы жоқ» деп суды ластамаған
2.2001 жылы Ресей мен Қазақстан киімдердің мүйізін импорттауға тыйым салуды ұсынды.
3.Шөптесін өсімдіктерден Алтай желайдары,Сібір ушырмауығы,тәтт і жапырақты таспа,Алтай қоңырау жиі кездеседі.
Алтай қасқыржидегі - Катонқарағай өңіріндегі өтетін ен байлық.
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары.
RSS лента комментариев этой записи